Палестиналық тұтқындар күні Израильдің қылмыстарына әлемдік деңгейде назар аудару қажеттігі қуатталды
(last modified Tue, 17 Apr 2018 13:53:20 GMT )
Сәу 17, 2018 19:53 Asia/Almaty
  • Палестиналық тұтқындар күні Израильдің қылмыстарына әлемдік деңгейде назар аудару қажеттігі қуатталды

Сейсенбі, сәуірдің он жетісі – палестиналық тұтқындар күні. Палестинаны азат ету ұйымының қарамағындағы Тұтқындар істері комитеті мен палестиналық тұтқындардың істерімен айналысатын "әл-Асир" базасының ресми мәліметі бойынша, 1967-ші жылдан осы кезге дейін сионистік режимнің абақтыларында 217 палестиналық шәһид болған.

Палестина халқының зорлық-зомбылық көруі көріністерінің бірі саналатын палестиналық тұтқын күні әлемдік қоғам үшін тұтқындардың жағдайына немқұрайдылық таныту сионистік режимнің палестиналықтарға, әсіресе палестиналық тұтқындарға қарсы апатының жалғасуына себеп болуда деген жолдауды жеткізеді.

1971-ші жылдың сәуір айының 17 күні бірінші палестиналық тұтқын сионистік режимнің абақтысынан босатылды. Содан бері бұл күн "Палестиналық тұтқындар» күні деп аталды. Палестиналық тұтқындар мен Палестина халқы жыл сайын бұл күні әлемдіктерге өздерінің мазлұмдық жағдайы мен сионистік режимнің алдында табандылықтарын көрсету үшін әрекет етеді. Палестиналықтарды тұтқындау саясаты өткен 50 жылдың ішінде бір миллионнан астам палестиналықтың сионистік режим тарапынан  құрықталып, олардың көбінің біраз уақыттарын осы режимнің абақтыларында өткізуіне себеп болды.

Соңғы ресми мәліметтер бойынша, осы кезде сионистік режимнің абақтыларында 6500-нан астам палестиналық тұтқын өте нашар жағдайда қамауда жатыр. Сионистік режимнің әрекеттері БҰҰ-ның қарарлары мен халықаралық конвенцияларды әшкере түрде бұзу болып табылады. Мұндай жағдайда қоғамдық пікір БҰҰ-нан басқыншы режимге қарсы жылдам әрі қатаң шара қолдануды талап етуде.

БҰҰ тұтқындағылардың жағдайын тексеріп, оларды сионистік режимнің қол астынан шығаруға ешбір әрекет жасамады, тек ауызша айыптаумен қанағаттанды. Бұл  мәселе әлемдік сынадарға тап болды. Палестиналық тұтқындар соғыс кезіндегі тұтқындар заңы бойынша қамалуы керек. Халықаралық шешімдердің арасында 1949-шы жылы Женевада бекітілген төртжақты конвенция – соғыс кезіндегі халықтар мен тұтқындарды қолдау саласындағы маңызды қадам. Женева конвенциясы немесе Женева келісімі – соғыс пен басқыншылық кезі үшін бекітілген келісім. Бұл құжаттың баптары соғыс кезінде соғыс аймақтарындағы әскери емес тұрғындардың құқықтарын қамтамасыз етіп, олардың құқықтарын қорғайды. Женева конвенциясы сонымен бірге оған қол қойғандардың, тұтқындар мен жараланған әскерилер мен науқастардың, медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғап, аурухана жабдықтарын талан-таражға салуға рұқсат етпейді.

Сионистік режим Женева конвенциясына қол қойғанымен, Палестинаның жерлерін  басып алып, конвенцияны бұзып отыр. Израиль халықаралық келісімдерге немқұрайдылық  танытып, тіпті Палестина халқы арасындағы екіжақты келісімдерді бұзып келеді. БҰҰ да Израильдің палестиналықтарға, әсіресе палестиналық тұтқындарға  қарсы қылмыстарына көзжұмбайлық білдіруде.