ЭЫҰ-ның төрағалығы Иранға тапсырылды
Сәу 17, 2018 18:15 Asia/Almaty
Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына (ЭЫҰ) мүше елдер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 23-ші отырысы ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің қатысуымен Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында өтті.
Отырысқа қатысушы министрлер ЭЫҰ келісімдерін орындауға қажет шешімдерді қабылдады. Отырыста талқыланған мәселелердің бірі ЭЫҰ-ның бас хатшысын тағайындау тақырыбы болды. Бұл ұйымның бас хатшылығы 3 жыл мерзімге (2018-2020) ИИР-на тапсырылды. ЭЫҰ-на мүше елдер Иранның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуын қолдап, аймақтан тыс кейбір елдердің кедергі келтіруін айыптады.
Тегтер