ЭЫҰ-ның төрағалығы Иранға тапсырылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i36274-ЭЫҰ_ның_төрағалығы_Иранға_тапсырылды
Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына (ЭЫҰ) мүше елдер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 23-ші отырысы ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің қатысуымен Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында өтті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 17, 2018 18:15 Asia/Almaty
  • ЭЫҰ-ның төрағалығы Иранға тапсырылды

Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына (ЭЫҰ) мүше елдер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 23-ші отырысы ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің қатысуымен Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында өтті.

Отырысқа қатысушы министрлер ЭЫҰ келісімдерін орындауға қажет шешімдерді қабылдады. Отырыста талқыланған мәселелердің бірі ЭЫҰ-ның бас хатшысын тағайындау тақырыбы болды. Бұл ұйымның бас хатшылығы 3 жыл мерзімге (2018-2020) ИИР-на тапсырылды. ЭЫҰ-на мүше елдер Иранның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуын қолдап, аймақтан тыс кейбір елдердің кедергі келтіруін айыптады.