Зариф: Терроризм мен экстремизм – ЭЫҰ аймағына төнген қатер
https://parstoday.ir/kz/news/world-i36280-Зариф_Терроризм_мен_экстремизм_ЭЫҰ_аймағына_төнген_қатер
Иранның Сыртқы істер министрі соңғы жиырма жылдағы шетелдік араласушылық, терроризм мен экстремизмнің көптеген аймақтарды қиратып, енді ЭЫҰ аймағына қауіп төндіріп отырғанын айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 17, 2018 18:38 Asia/Almaty
  • Зариф: Терроризм мен экстремизм – ЭЫҰ аймағына төнген қатер

Иранның Сыртқы істер министрі соңғы жиырма жылдағы шетелдік араласушылық, терроризм мен экстремизмнің көптеген аймақтарды қиратып, енді ЭЫҰ аймағына қауіп төндіріп отырғанын айтты.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні  Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына (ЭЫҰ) мүше 10 елдің Сыртқы істер министрлері мен орынбасарларының алдында сөйлеген сөзінде бір аймақта орналасқандықтан осы ұйымға мүше елдердің тағдырының бір-бірімен тығыз байланысты екендігіне тоқталып: "Осы аймақтың бір бөлігіндегі жеңіліс пен сәттілік баршаға әсер етеді",-деді.

Зариф 1990 жылдардан бері аймақ жағдайының күрделене түскенін айтып: "ДАИШ жеңіліс тапқанымен экстремистік топтардың ауқымды желілері әсіресе Таяу Шығыс, Оңтүстік және Орта Азияда жұмыс істеп жатыр. Бұл ЭЫҰ аймағы үшін шынайы қауіп-қатер саналады.

Аймақ елдері экстремизмнің таралуы мен оның қаржымен қамтамасыз етілуін тоқтату үшін аймақ деңгейінде әріптесіп, бір ортақ стратегия жасауы қажет. ИИР терроризм және экстремизммен күрес саласында ынтымақтастық жасауға әрдайым дайын",-деді.

Иран, Түркия, Пәкістан, Ауғанстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан мен Әзірбайжан Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының 10 мүшесі болып табылады.