Сәу 19, 2018 15:50 Asia/Almaty
  • Афиныда АҚШ-тың туы өртелді

Грекияның астанасында жүздеген адам Вашингтон мен одақтастарының Сирияға шабуылын айыптап, шеруге шығып, АҚШ-тың туын өртеді.

"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл шеру сәрсенбі күні Афиныдағы "Синтагма" алаңында өткен.

Дүйсенбі күні де Афиныда ашынған мыңдаған адам АҚШ пен одақтастарының Сирияға шабуылына наразылық ретінде осы елдің туын өртеп, АҚШ-тың бұрынғы Президенті Гарри Трумэннің ескерткішін құлатуға күш салды. Шеруде полиция қызметкерлерінің қатігез қатынасы салдарынан 3 адам жараланды.

Грек ақпарат құралдары дүйсенбі күнгі шерудің Грекия астанасының ортасынан басталып, Сирияға әскери шабуыл жасаған елдердің елшіліктеріне қарай жүріп, АҚШ-тың елшілігіне дейін жалғасқан үшінші шеру екенін хабарлады.

 

Тегтер