Химиялық қаруға тыйым салатын ұйым құралға айналмауы керек
https://parstoday.ir/kz/news/world-i36354-Химиялық_қаруға_тыйым_салатын_ұйым_құралға_айналмауы_керек
Химиялық қаруға тыйым салатын ұйымдағы (OPCW) Иранның өкілі аталмыш ұйымның кейбір мемлекеттердің саяси мақсаттары үшін қолданылатын құралға айналмауы қажеттігін қуаттап, химиялық қарудың қолданылуы туралы тек бұл ұйымның зерттеу нәтижелерінен кейін ғана айтуға болатынын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 20, 2018 15:42 Asia/Almaty
  • Химиялық қаруға тыйым салатын ұйым құралға айналмауы керек

Химиялық қаруға тыйым салатын ұйымдағы (OPCW) Иранның өкілі аталмыш ұйымның кейбір мемлекеттердің саяси мақсаттары үшін қолданылатын құралға айналмауы қажеттігін қуаттап, химиялық қарудың қолданылуы туралы тек бұл ұйымның зерттеу нәтижелерінен кейін ғана айтуға болатынын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әлиреза Джаһангири бейсенбі күні Химиялық қаруға тыйым салатын ұйымның атқарушы комитетінің Гаагадағы төтенше отырысында  бұл ұйымның химиялық қарудың әртүрлі оқиғаларда, соның ішінде Солсберидегі қолданылуын зерттеу саласында өз міндетін дұрыс атқару қажеттігін қуаттады.

Джаһангири Иранның химиялық қаруды пайдалану туралы қайшылықтарды келіссөздер және химиялық қарулар конвенциясының негіздері бойынша шешу ұстанымына тоқталды.

Отырыс ешқандай шешімсіз аяқталды.