Иранның зымырандық бағдарламасының «Ортақ қадам» келісіміне қатысы жоқ
https://parstoday.ir/kz/news/world-i36384-Иранның_зымырандық_бағдарламасының_Ортақ_қадам_келісіміне_қатысы_жоқ
Теһрандағы Ресей елшісі ИИР-ның зымырандық бағдарламасы мен Теһранның аймақтағы саясатының «Ортақ қадам» келісіміне еш қатысы жоқтығын қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 22, 2018 05:45 Asia/Almaty
  • Иранның зымырандық бағдарламасының «Ортақ қадам» келісіміне қатысы жоқ

Теһрандағы Ресей елшісі ИИР-ның зымырандық бағдарламасы мен Теһранның аймақтағы саясатының «Ортақ қадам» келісіміне еш қатысы жоқтығын қуаттады.

Теһрандағы Ресей елшісі Леван Джагарян сенбі күні Америка президенті Дональд Трамптың «Ортақ қадам» бағдарламасына қарсы саясаты туралы Ресейдің ұстанымына  қатысты Иран Телерадио бірлестігіне берген сұхбатта Мәскеудің «Ортақ қадам» келісімінің мәтінін қайта қарастыру керек деген ұсынысты жақтамайтынын бірнеше рет баса айтқанын мәлімдеді.
Джагарян «Ортақ қадам» келісімінің өте жақсы, бірқалыпты және барлық тарап қабылдаған құжат екендігін баяндап: «Ресей кейбір еуропалық елдердің астаналарында Америка мен Франция және Ұлыбритания елдерінің жасырын өтетін келіссөздерінің нәтижелерін оның мазмұнына қарамастан қабылдамайды. Себебі, олар Ресей мен Қытай және Иранның қатысуынсыз өтуде» деді.

Ресей елшісі сонымен қатар ДАИШ лаңкестерінің америкалықтар арқылы Ауғанстанның әртүрлі облыстарына көшіріліп жатқанын хабарлап, Мәскеудің ДАИШ лаңестерінің Сирия мен Ирактан Ауғанстанға көшірілуі туралы америкалықтардан сан рет сұрағанымен осы уақытқа дейін жауап берілмегенін айтты.