Арменияда оппозиция басшысы құрықталды
Сәу 22, 2018 20:51 Asia/Almaty
Ақпарат көздері Арменияда оппозиция басшысы Никол Пашинянның құрықталғанын хабарлады.
Арменияның оппозиция басшысы Никол Пашинян қамауға алынудан бұрын телеарна отырысында бұл елдің Премьер-министрі Серж Саргсянмен кездесті. Саргсян бұл отырыста оппозицияның оның отставкаға кетуін талап етуін қабылдамай, шығып кетті. Пашинян да тек Премьер-министрдің отставкаға кетуі туралы сөйлесетінін айтып: "Саргсян Арменияның қазіргі жағдайын түсінбейді",- деді.
Арменияда өткен күндері үкіметке қарсы шерулер өтті. Шерушілер Саргсянның билік басында болуына наразылық білдіріп, оның отставкаға кетуін талап етуде.