Иран ислам әлемінде ғылым өндірісі саласында бірінші орында
Ислам әлемінің ғылыми деректер орталығының (ISC) басшысы 2017-ші жылы Иранның ислам елдері арасында ғылыми өндіріс саны бойынша бірінші орынды иемденгенін айтты.
Мұхаммад Джавад Дехқани ислам елдерінің бүкіл ғылыми өндірісінің 22 пайызының Иран зерттеушілерінің еңбектерін құрағанын қуаттап: "Халықаралық WOS және Scopus сайттарындағы мәліметтер бойынша, Иран 2017 жылы ғылыми өндіріс саны бойынша ислам елдері арасында алғаш рет бірінші орынға ие болды. Web of science базасының мәліметі бойынша, 2017-ші жылы 57 ислам елі тіркеген бүкіл құжаттардың саны 237543-ке жетті. Оның 51071 ирандық зерттушілердің атына тіркелді. Өткен жылдың соңында Халықаралық WOS және Scopus сайттарында Иран он алтыншы орында болды",- деді.