Шамхани: Американың қате саясаты Азияның батыс аймағын тұрақсыздыққа тіреуде
(last modified Wed, 25 Apr 2018 16:31:28 GMT )
Сәу 25, 2018 22:31 Asia/Almaty
  • Шамхани: Американың қате саясаты Азияның батыс аймағын тұрақсыздыққа тіреуде

Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары кеңесінің хатшысы Али Шамхани Американы Азияның батысындағы қате саясатының аймақтағы әскери базаларының орналасуы мен оларды кеңейтіп, аймақтағы қару-жарақ саудасы мен араласушылықтары үшін бейберекеттіктер мен тұрақсыздықтарды басқару мақсатын көздейді деп атады.

Али Шамхани сәрсенбі күні Ресейдің Сочи қаласында өткен әлемнің бес құрлығының қауіпсіздік саласының жоғары басшыларының тоғызыншы отырысында сөйлеген сөзінде: «Қару-жарақ пен оқ-дәрінің ең үлкен экспорттаушысы Америка Таяу Шығысты қару қамбасына айналдырды» деді.

Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары кеңесінің хатшысы аймақ дағдарыстарының, соның ішінде Сирия мен Йемен және Ливия мен Ауғанстанның, сонымен қатар Корей түбегіндегі дағдарыстардың диалог пен саяси шешім жолынан басқа жолы жоқ екендігін қуаттап: «Соғыспен осы дағдарыстарды доғара аламыз деп ойлайтын кейбір басшылардың ойында қате түсініктің болуы  саяси шешім жолына көңіл аударылмауға себеп болды» деді.

Шамхани сондай-ақ, Палестина тақырыбына тоқталып: «Американың Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде тануы Палестина дағдарысын шешуді емес, Палестинада соғыс отын өршітуді көздейді» деді.

 

Тегтер