Иран Ресейден 40 суперджет ұшақ сатып алады
Сәу 26, 2018 12:41 Asia/Almaty
Иранның "Асеман" және "Иран Эйртур" әуе компаниялары Ресейдің "Суперджет" ұшақ жасау компаниясымен 40 ұшақ сатып алу туралы келісімге қол қойды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Түркияның Анталия қаласында "Әуешоу Еуразия-2018" әуе көрмесінің аясында Ресейдің Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Олег Бочаровтың қатысуымен қол қойылған осы келісім негізінде "Асеман" әуе компаниясы RRG95R модельді 20 ұшақ, "Иран Эйртур" әуе компаниясы "Сухой суперджет 100" моделді 20 ұшақ сатып алды.
Тегтер