Иран Ресейден 40 суперджет ұшақ сатып алады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i36506-Иран_Ресейден_40_суперджет_ұшақ_сатып_алады
Иранның "Асеман" және "Иран Эйртур" әуе компаниялары Ресейдің "Суперджет" ұшақ жасау компаниясымен 40 ұшақ сатып алу туралы келісімге қол қойды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 26, 2018 12:41 Asia/Almaty
  • Иран Ресейден 40 суперджет ұшақ сатып алады

Иранның "Асеман" және "Иран Эйртур" әуе компаниялары Ресейдің "Суперджет" ұшақ жасау компаниясымен 40 ұшақ сатып алу туралы келісімге қол қойды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Түркияның Анталия қаласында "Әуешоу Еуразия-2018" әуе көрмесінің аясында Ресейдің Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Олег Бочаровтың қатысуымен қол қойылған осы келісім негізінде "Асеман" әуе компаниясы RRG95R модельді 20 ұшақ, "Иран Эйртур" әуе компаниясы  "Сухой суперджет 100" моделді 20 ұшақ сатып алды.