Пентагон Ресейдің Сирияда "Томагавк" зымырандарына қол жеткізгеніне реакция білдірді
АҚШ Қорғаныс министрінің ақпарат өкілі Ресей армиясының Сирияда "Томагавк" америкалық зымырандарына қол жеткізгеніне реакция білдірді.
АҚШ Қорғаныс министрінің ақпарат өкілі Эрик Пахон сәрсенбі күні Ресейдің "Спутник" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Егер мұндай уәж дұрыс болса, Вашингтон осы уақытқа дейін оны растайтын айғақтарды алатын еді",-деді.
Ресейдің қолданылмаған америкалық зымырандарды қолға түсіргені туралы хабарды алдымен кейбір ақпарат құралдары жариялады. Ресей Қарулы күштері бас штабының әскери амалдар бөлімінің басшысы Сергей Рудской сәрсенбі күні бұл хабарды растап: "Бұл зымырандар Сириядан табылды. Ресейлік мамандар қазір оларды тексеріп жатыр. АҚШ өткен жылы "Томагавк" зымырандарын Сирияның әш-Шайрат базасына шабуыл жасау үшін пайдаланды",-деді.