Хушру: БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сионистік режимді ерекше санаған саясатын тоқтатсын
https://parstoday.ir/kz/news/world-i36524-Хушру_БҰҰ_Қауіпсіздік_кеңесі_сионистік_режимді_ерекше_санаған_саясатын_тоқтатсын
ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі сионистік режимді аймақты тұрақсыздандырушы фактор деп атап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен осы режимді ерекше санау саясатын тоқтатуды сұрады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 27, 2018 16:21 Asia/Almaty
  • Хушру: БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сионистік режимді ерекше санаған саясатын тоқтатсын

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі сионистік режимді аймақты тұрақсыздандырушы фактор деп атап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен осы режимді ерекше санау саясатын тоқтатуды сұрады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ғоламәли Хушру бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Таяу Шығыстың жағдайы мен Палестина мәселесі мен сионистік режимнің жуырда Газа секторында қылмыс жасап,  палестиналық шерушілерді өлтіруін талқылауға арналған отырысында: «Егер БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыста бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуды шынайы қаласа, сионистік режимді ерекше санаған саясатын тоқтатуы керек»,-деді.

Хушру сионистік режимнің Палестинаны басып алуын Таяу Шығыстағы барлық текетірестер мен қайшылықтардың негізгі себебі деп атады.

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі сионистік режимді ырыққа көнбейтін асау режим деп сипаттап: «Бұл режимнің Газа секторындағы жуырдағы қылмысы – алдын ала жоспарланған әрекет. Соның салдарынан көптеген палестиналық шеруші қаза болып, жараланды»,-деді.