Иран – әлемдегі ең ірі он үшінші әскери алпауыт ел
https://parstoday.ir/kz/news/world-i36638-Иран_әлемдегі_ең_ірі_он_үшінші_әскери_алпауыт_ел
Иран өткен жылмен салыстырғанда 7-шы орынға көтеріліп, әлемдегі ең ірі он үшінші әскери алпауыт атанды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 01, 2018 16:15 Asia/Almaty
  • Иран – әлемдегі ең ірі он үшінші әскери алпауыт ел

Иран өткен жылмен салыстырғанда 7-шы орынға көтеріліп, әлемдегі ең ірі он үшінші әскери алпауыт атанды.

Global Firepower интернет сайты өзінің ең жаңа рейтингінде Иранды әлемнің 113 елінің ішінде әскери қуат тұрғысынан өткен жылмен салыстырғанда 7 орынға көтеріп, он үшінші орында атады.

Бұл елдерді классификациялау үшін әртүрлі 50 фактор, соның ішінде  әскери бюджет, жарақтану деңгейі, әскерилер саны, географиялық жағдайы, табиғи көздері мен жергілікті әскери-қорғаныс өнеркәсібінің жағдайы назарға алынады.

Иран, сондай-ақ, осы тізімде Азия бойынша Израиль мен Сауд Арабиясын басып озып, жетінші орынға тұрақтады.

Иран Global Firepower-дің өткен жылғы рейтингінде әлем бойынша 20-шы орында тұрған болатын.