Сионизмге қарсы еврейлер одағы: Еврейлер Израиль режимін заңсыз режим санайды
Сионизмге қарсы еврейлер одағының ақпарат өкілі: "Еврейлер Израиль режимін заңсыз санап, бұл режимнің жетпіс жылдан бері жасап жатқан қылмыстарын айыптайды",- деді.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, «Сионизмге қарсы еврейлер одағының» ресми өкілі Давид Вайс сенбі күні кешке Иранның Машһад қаласында өтіп жатқан "Бейт ул-Мұқаддас – Палестинаның мәңгілік астанасы" атты халықаралық конференцияда сионизмнің яхудилік тағылымдарға қайшы келетінін айтып: "Нәсілшіл және апартеидтік Израиль режимі әлем үшін қауіп саналып, әлемдік бейбітшілікке қатер төндіреді.
Еврейлер бейбіт жолмен Израиль режимінің тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруімен күресуі тиіс",- деп айтты.
"Бейт ул-Мұқаддас – Палестинаның мәңгілік астанасы" атты үш күндік халықаралық конференция сенбі күні Машһад қаласында басталды.