Иран мен Ресей "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалуға келісті
(last modified Mon, 14 May 2018 19:48:29 GMT )
Maм 15, 2018 01:48 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей

Иран мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері бірлескен отырыста "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу қажеттігін қуаттап, "бестік" тобы қалыбында аталмыш бағдарламаға қатысты әріптестікті жалғастыру жолдарын көздейтіндіктерін айтты.

"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен кездесуінде жағдайдың одан ары ушығуының алдын алатын шаралар жайлы сөйлесу керектігін айтып: "Вашингтон тағы да "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен әртүрлі мәселелер жөнінде ойын өзгертуге күш салады. Үш еуропалық ел мен Қытай және Ресей өздерінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына берік екенін жариялады",-деді.

Ресей Сыртқы істер министрі Лавров Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен осы келісімді сақтауға қатысты ұстанымын түсінетінін, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанын жариялаған АҚШ-тан басқа осы ядролық келісімнің барлық тараптарымен сөйлескенін айтты.

Мұхаммад Джавад Зариф: "Теһранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына мүше Ресей, Қытай және үш еуропалық елмен (Германия, Ұлыбритания және Франция) келіссөздер жүргізу арқылы Иранның осы келісімдегі мүдделерінің сақталатындығына сенімді болуды көздейді. Өкінішке орай, АҚШ үкіметі үшін халықаралық заңдар мен қағидаларды бұзу қалыпты іске айналды",-деді.

Зариф АҚШ елшілігін Құдсқа көшіру туралы айтқан сөзінде Вашингтонның бұл ісін өте қатерлі деп атады.