Солтүстік Корея АҚШ-қа қоқан-лоққы жасады
(last modified Wed, 16 May 2018 19:42:12 GMT )
Maм 17, 2018 01:42 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея АҚШ-қа қоқан-лоққы жасады

Солтүстік Корея Сыртқы істер министрінің орынбасары: "Егер АҚШ Солтүстік Кореяға ядролық бағдарламасын біржақты тоқтатуға қысым жасаса, Пхеньян екі ел басшыларының кездесуін бұзады",- деп мәлімдеді.

Солтүстік Корея ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі мәліметі бойынша, осы елдің Сыртқы істер министрінің орынбасары: "Америкалықтардың Пхеньянды біржақты түрде ядролық қаруынан бас тартуға мәжбүрлегісі келетін келіссөздер Солтүстік Кореяны қызықтырмайды",- деді.

Солтүстік Корея Сыртқы істер министрінің орынбасары орынды жауап алу үшін Вашингтоннан Пхеньянмен дұрыс келіссөздер жүргізуді талап етті.

Солтүстік Корея АҚШ пен Оңтүстік Корея жаттығуларының басталуына наразылық білдіріп, бүгін, сәрсенбі күні екі Кореяның министрлері деңгейінде  өтпек болған келіссөздерге қатыспайтынын жариялады.

Пхеньян сондай-ақ, АҚШ пен Оңтүстік Кореяның ортақ жаттығу өткізуіне реакция білдіріп, Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын мен АҚШ Президенті Дональд Трамптың алдын ала белгіленген кездесуінің орын алмау  ықтималы  туралы ескертті.

АҚШ пен Оңтүстік Кореяның ортақ әуе жаттығулары  екі елдің  Солтүстік Кореяға қарсы әскери әлеуетін арттыру мақсатында жұма күні Корея аралында басталды.

 

 

Тегтер