Иран мен ЕЭО преференциалды сауда келісіміне қол қойды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i37110-Иран_мен_ЕЭО_преференциалды_сауда_келісіміне_қол_қойды
Қазақстанның елордасы Астана қаласында Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Мұхаммад Шариятмадаридің қатысуымен Иран мен Еуразия экономикалық одағына мүше елдер преференциалды сауда келісіміне қол қойды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 20, 2018 09:27 Asia/Almaty
  • Иран мен ЕЭО преференциалды сауда келісіміне қол қойды

Қазақстанның елордасы Астана қаласында Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Мұхаммад Шариятмадаридің қатысуымен Иран мен Еуразия экономикалық одағына мүше елдер преференциалды сауда келісіміне қол қойды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Еуразия экономикалық комиссиясының коллегия басшысы Тигран Саргсян осы келісімнен кейін тараптардың импорттық тауарларға қатысты кедендік төлемдерді үнемдей алатынын айтып: "Осы сауда келісімінің қорытынды нұсқасында импорттық тауарлардың ауқымды тізіміне кедендік бажды азайту немесе алып тастау қарастырылған.

Келісім бойынша Иранның өнеркәсіптік тауарлар импортына кедендік салығы орташа есептегенде 7 пайызға төмендеп, Еуразия экономикалық одағына мүше елдер үшін 3,5 пайызды құрайды. Иранның ауылшаруашылық тауарлары үшін 19 пайыз белгіленіп, Еуразия экономикалық одағына мүше елдер үшін 5 пайызға төмендейді.

Иран азық-түлік, көкөністер, жеміс-жидектер, кептірілген жемістер мен құрылыс материалдарынан тұратын тауарлардың ауқымды тізіміне тарифтік артықшылықтар алады",-деді.