Трамп үкіметі Иранға қатысты мүмкін емес мақсаттарына жеткісі келеді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i37182-Трамп_үкіметі_Иранға_қатысты_мүмкін_емес_мақсаттарына_жеткісі_келеді
Майк Помпео АҚШ Мемлекеттік хатшыларының соңғы жылдардағы ең жаман тіл тигізушілік әректтерінің бірінде Иран халқына қарсы негізсіз айып тақты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 22, 2018 12:20 Asia/Almaty

Майк Помпео АҚШ Мемлекеттік хатшыларының соңғы жылдардағы ең жаман тіл тигізушілік әректтерінің бірінде Иран халқына қарсы негізсіз айып тақты.

Помпео Вашингтонда «Heritage Foundation» қоры мүшелерінің ортасында сөйлеген сөзінде: "АҚШ Иранға қарсы тарихтағы ең қатаң санкцияларды салады",- деді. Сондай-ақ, ол уран байытатын нысандарды жабу, Иранның барлық кешендерін аралау, Иранның әскери күштерін Ирак пен Сириядан шығару және Иранның Ливан Хизболласы  мен ХАМАС сынды топтарға қолдау көрсетуін тоқтату сияқты шарттарды анықтады.

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранның ядролық келісімнен шығатынын жариялағаннан екі апта өткен жағдайда айтылып жатқан бұл сөздер «Американың Иранға қарсы жаңа стратегиясы» деп аталды. АҚШ-тың жаңадан сайланған Мемлекеттік хатшысының тіл тигізушілік сөздері америкалық басшылардың 1979-шы жылы Иранның Ислам революциясы жеңіске жете салысымен бұл елді бағындыруды көздеген америкалық үкіметтің армандарының қатарын құрайды. Ислам республикасы жүйесі орнатылған кезде Иран халқы АҚШ тарапынан лаңкестікті қолдаушы, адам құқығын бұзушы және көршілес елдерге қоқан-лоққы жасаушы ретінде айыпталды. Айыптаулармен бір мезгілде сол кездегі АҚШ басшылары Иранға қарсы қатаң санкциялар салып, ирандықтарға дұшпандық білдіріп, Саддамның Иранға қарсы шабуылын қолдап, ирандық жолаушы тасымалдайтын ұшақты құлатты. Біраздан кейін Америка президенті Джордж Буш Иранның Ауғанстандағы Талибан режимінің қатерінің алдын алуға көмектесуіне қарамастан Иранды олармен бір қатарға қойды.

Бүгінде АҚШ-тың республикашыл президенті 15 жыл бұрынғы Американың Иранға қатысты сәтсіздікке ұшыраған жолын қайтадан өтпек деген ой туады. Дүниежүзінің барлық мемлекеттері мен Еуроодақ пен Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі сынды халықаралық ұйымдар Иранның ядролық келісімдегі барлық міндеттемелерін орындағанын мойындағанына қарамастан АҚШ өзінің халықаралық міндеттемелерін бұзып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарына қайшы әрекет етіп, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шықты.

Дональд Трамп өкілі саналатын АҚШ-ты билеп отырған бірнеше полюстік жүйеге қарсылардың жоспарлаған жобалары дағдарысқа толы Батыс Азия аймағын жаңа соғысқа тіреуде. Помпеоның 12 ұсынысы аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығына көмектесудің орнына жаңа соғысқа итермелеуде.  ИИР өткен 40 жылда әртүрлі соғыстар мен санкциялардан өтіп, Вашингтонның ешбір қысымына бағынбады. Бұл жолы да өткен 40 жылдағы АҚШ-тың алты президентінің армандары сынды Трамптың де мақсаттары іске асырылмайды. Тіпті, АҚШ-тың халықаралық қарым-қатынастар кеңесінің басшысы Ричард Хаас республикашылар партиясынан бола тұра "Бұл стратегия ешқандай нәтиже бермейді",- деп кесіп айтты.