Амстердам фестивалінде «Ван Гог» сыйлығы ирандық фильмге берілді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i37194-Амстердам_фестивалінде_Ван_Гог_сыйлығы_ирандық_фильмге_берілді
Маһтаб Солейманидің режиссерлігімен түсірілген «Ватандар» деректі фильмі Голландияның Амстердам қаласында өткен фестивальде бірінші орын алды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 22, 2018 15:40 Asia/Almaty
  • Амстердам фестивалінде «Ван Гог» сыйлығы ирандық фильмге берілді

Маһтаб Солейманидің режиссерлігімен түсірілген «Ватандар» деректі фильмі Голландияның Амстердам қаласында өткен фестивальде бірінші орын алды.

Амстердам фестивалі жыл сайын «Ван Гог» беделді сыйлығын ең үздік сценарий, режиссер, актер мен актриса, қойылым, фото, мультфильм, деректі фильм, қысқаметражды фильм, клип пен студенттік фильмге береді.

Жыл сайын өтетін Амстердам фестивалінің тоғыз жылдық тарихы бар. Ирандық «Ватандар» деректі фильмінің сюжеті 37 жыл бұрын елінде Кеңес одағының соғысы басталған кезде өзінің жалғыз баласымен елін тастап, Иранға кетуге мәжбүр болған ауғандық бір мигранттың оқиғасына негізделген.