Қазақстан мен Беларусь бейбіт мақсаттағы атом қуаты саласында әріптестік жасайды
Қазақстанның Энергетика министрлігі Беларусь республикасының Энергетика министрлігімен бейбіт мақсаттағы атом қуаты саласында келісімге қол қойғанын хабарлады.
Қазақстанның Энергетика министрлігі: "Қазақстан мен Беларусь осы келісімге қол қою арқылы ядролық бағдарламаны орындау және атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану саласын басқару тәсілдерін стандарттау бойынша тәжірибе алмасып, әріптестік жасайтын болады",-деп мәлімдеді.
Келісімге Қазақстан делегациясының 23-25 мамыр арасында Беларусьқа жасаған үш күндік сапары аясында қол қойылды.
Келісімде, сондай-ақ, Беларусьтың астанасы Минск қаласында белорус ғалымдарының қазақ мамандарын атом қуаты саласында оқытып, дайындап, кәсіби деңгейін жоғарылатуға көмектесуі де қарастырылған.
Қазақстан – әлемде өзін ядролық қарусыздану мен атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану идеясына айрықша берік санайтын елдердің бірі. Бұл жағдай Қазақстанның ядролық қарулардан ада Орта Азия жобасының негізін қалап, орындауына себеп болды.
Бұл ел Кеңес Одағы құлағаннан кейін 1410 ядролық оқтұмсық және саны белгісіз тактикалық ядролық қаруға ие болған. Кеңес Одағы заманында Қазақстанда 460-қа жуық ядролық сынақ өткізілген. Бұл елдің бейбіт мақсаттағы атом қуатын пайдалануға құлшынысы 1995 жылы өзінің барлық қару-жарағын Ресейге тасымалдауына себеп болды.
Қазақстанның осы көзқарасы бұл елге айрықша маңыздылық сыйлады. Тіпті, АҚХА-нің ядролық отын қорын жинайтын банкі де осы елде салынды. Қазақстанның ядролық отын банкін салуы ядролық қарулардың таралуының алдын алудаға маңызды фактор болып табылады. Осы шаралардың арқасында бұл елге бейбіт мақсаттарын ілгерілету үшін әртүрлі халықаралық көмектер берілді.
Кирилл Пучик Қазақстанның ядролық бағдарламасы туралы: "Қазақстанның ядролық бағдарламасы мен бейбіт шаралары Орта Азияда ядролық қарулардан ада аймақтың қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Сондай-ақ, бұл бағдарлама Қазақстанды бейбіт мақсаттағы атом қуаты саласында берік әрі озық елге айналдырды. Бұл Қазақстанның әлем бойынша маңызды орынға ие болуына септігін тигізді",-деп жазды.
Қазіргі таңда Қазақстан мен Беларусь арасындағы әріптестік басқа елдердің әлем бойынша бейбіт негізде серіктестік жасауы мен Қазақстанның оң құлшынысының әлемнің басқа жерлеріне таралуына жағдай жасап отыр. Қазақ елінің көздейтін мақсаты ірі елдердің ядролық қарусыздануына септігін тигізе алмаса да, бейбітшілікті сақтаудың ядролық қаруға қатысты еместігін, тек позитивті стимулдарды қажет ететіндігін көрсету болып отыр.