Иранның волейбол командасы Аргентина командасын жеңді
Маусым 02, 2018 08:42 Asia/Almaty
Иранның ұлттық волейбол командасы сенбі күні таңертең 2018 жылғы волейболдан әлем чемпионатында Аргентина командасын жеңді.
Иранның ұлттық волейбол командасы Аргентинада өтіп жатқан 2018 жылғы волейболдан әлем чемпионатының екінші аптасындағы өзінің алғашқы кездесуінде Аргентина командасымен кездесіп, оны 3:2 есебімен жеңді.
Иран Аргентина командасын жеңгеннен кейін әлем чемпионатында екінші ұтысқа қол жеткізді.
Иранның волейболшылары осы чемпионаттың бірінші аптасындағы үш ойында екі рет жеңіліп, бір рет Аустралия командасын жеңді.
Иран командасы жеңсенбі күні таңертең Аргентинаның Сан-Хуан қаласында Италия командасымен ойнайды.
Тегтер