АҚШ Президенті: Солтүстік Корея Корей түбегінің ядролық қарулардан тазартылуын қалайды
Маусым 02, 2018 14:35 Asia/Almaty
АҚШ Президенті Солтүстік Кореяның Корей түбегінің ядролық қарулардан тазартылуын қалайтынын айтты.
France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп жұма күні Ақ үйде Солтүстік Корея басшысының арнайы өкілі Ким Йонг Чолмен кездесіп, Солтүстік Кореямен диалогтың ақырында сәтті боларына үміт білдіріп, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесудің 12 маусымда Сингапурда өтетінін айтып: "Вашингтон мен Пхеньянның диалогы өтіп жатқан кезде Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкция салынбайды",-деді. АҚШ Президенті Солтүстік Кореяның басшысы жіберген хаттың мазмұнына тоқталмастан, оны жақсы әрі өте қызық хат деп сипаттады.
Тегтер