Қазақстан Президенті "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдады
ҚР Президенті Қытайда өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдайтынын мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев Астананың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдап, барлық елдерді осы келісімге құрметпен қарауға шақыратынын, Астананың Иран, Ресей мен Түркияның Сирия дағдарысын шешу үшін жасап жатқан талпыныстарына алғыс айтатынын мәлімдеді.
Сонымен қатар Қытай басшысы Си Цзиньпин жексенбі күні таңертең Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер басшыларының отырысы басталар алдында сөйлеген сөзінде ұйымға мүше елдердің қауіпсіздік саласында бір-бірімен тығыз байланыста болуы керектігін қуаттады.
Қытай Президенті Шанхай инвестициялық қорының іске қосылғанына тоқталып, Бейжіңнің шетелдік инвесторларды ынталандыру үшін Шанхай көрмелерін қолдау банкінен 3 млрд доллар бөлгенін хабарлады.
Иран Президенті Хасан Рухани да саммитке Қытай Президентінің шақыруымен қатысып отыр.