Рухани: Иран Моңғолиямен экономикалық қарым-қатынастарын дамытуға әзір
(last modified Sun, 10 Jun 2018 16:33:42 GMT )
Маусым 10, 2018 22:33 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран Моңғолиямен экономикалық қарым-қатынастарын дамытуға әзір

ИИР Президенті Теһранның Моңғолиямен экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға дайын екенін қуаттап, өзара қарым-қатынастарды тереңдету үшін қолда бар барлық мүмкіндікті пайдалану керектігін мәлімдеді.

Хасан Рухани Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 18-ші саммиты аясында Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулгамен кездесуінде экономикалық қарым-қатынастардың алға ілгерлеуінің екі елдің мүддесі үшін пайдалы екендігіне тоқталып: "Иран үкіметі өз елінің жекеменшік бөлімі мен бизнесмендерін Моңғолияның даму жобларына қатысуға жігерлендіруде",- деді.

Иран Президенті экономикалық ынтымақтастықты дамыту саласындағы банктік қарым-қатынастардың рөліне тоқталып, ирандық инвесторлардың Моңғолияның мал шаруашылығына инвестиция сала алатынын айтты.

Рухани сондай-ақ, Иран мен Моңғолияның мемлекеттік және акционерлік бөлімдерінің қарым-қатынастарын дамыту қажеттігін қуаттады.

Моңғолия Президенті  Халтмаагийн Баттулга да кездесуде Теһран мен Улан-Батор қарым-қатынастарын даму үстінде деп бағалап, Моңғолияның Иранмен жан-жақты, әсіресе экономика саласындағы қарым-қатынастарын кеңейтуге дайын екенін баса айтты. 

 

 

                                                                                                                                                                                               

 

Тегтер