Рухани: Иран Моңғолиямен экономикалық қарым-қатынастарын дамытуға әзір
ИИР Президенті Теһранның Моңғолиямен экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға дайын екенін қуаттап, өзара қарым-қатынастарды тереңдету үшін қолда бар барлық мүмкіндікті пайдалану керектігін мәлімдеді.
Хасан Рухани Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 18-ші саммиты аясында Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулгамен кездесуінде экономикалық қарым-қатынастардың алға ілгерлеуінің екі елдің мүддесі үшін пайдалы екендігіне тоқталып: "Иран үкіметі өз елінің жекеменшік бөлімі мен бизнесмендерін Моңғолияның даму жобларына қатысуға жігерлендіруде",- деді.
Иран Президенті экономикалық ынтымақтастықты дамыту саласындағы банктік қарым-қатынастардың рөліне тоқталып, ирандық инвесторлардың Моңғолияның мал шаруашылығына инвестиция сала алатынын айтты.
Рухани сондай-ақ, Иран мен Моңғолияның мемлекеттік және акционерлік бөлімдерінің қарым-қатынастарын дамыту қажеттігін қуаттады.
Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга да кездесуде Теһран мен Улан-Батор қарым-қатынастарын даму үстінде деп бағалап, Моңғолияның Иранмен жан-жақты, әсіресе экономика саласындағы қарым-қатынастарын кеңейтуге дайын екенін баса айтты.