Маусым 12, 2018 16:28 Asia/Almaty

Ақыры, көптен күткен АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның "тарихи кездесуі" Сингапурде өтті.

Олар басында екеуі жеке кездесіп, содан соң екі жақтың делегациясымен бірге кездесу өткізді. Трамп Ким Чен Ынмен өткізген отырысты жақсы деп бағалады. Трамп Солтүстік Кореяның ядролық қару-жарағына қатысты: "Екі жақ бұл салада ынтымақтастық пен талпыныс жасайды",- деді.

Осы уақытқа дейін Солтүстік Корея тарапынан бұл келіссөздер туралы реакция көрсетілмегенімен, уақытының көбі екі жақтың бір-бірін бағалауымен өткен бүгінгі кездесудің қазіргі жағдайда нәтижеге жетпейтіні белгілі. Солтүстік Корея Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығу шешімі мен АҚШ пен G7 тобының басқа мүшелері арасындағы жуырда Канада өткен  басқосуларындағы анық байқалған қайшылықтарға назар аударып, Вашингтон мен Трампқа және оның уәделеріне соншама сенім артып отырған жоқ.  Америкалық аналитиктердің бірі Сьюзан Ди Мигио: "Мен Солтүстік Корея басшыларымен ресми кездескенімде олар әрқашан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына тоқталады",- деді. Негізінде Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы Трамп үкіметі мен Солтүстік Корея келіссөздеріне өз әсерін тигізді. АҚШ-тың демократ партиясының саясаткерлері Трамптың Иран мен бұл елдің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты әрекеттерігің Трамптың Солтүстік Кореямен келісімге келуін қиындататынын ескертуде. АҚШ Сенатының сыртқы қарым-қатынас комитетінің демократ мүшесі Бон Гардин: "АҚШ Президентінің халықаралық "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы АҚШ-қа деген сенімділікке әсерін тигізеді",- деді.

АҚШ-тың ақпарат құралдары Вашингтонның талаптарын зорайтып көрсетіп: "Трамп пен Ким Чен Ынның   кездесуінің мақсаты – Солтүстік Кореяның ядролық қаруы туралы мәселені шешу",- деп хабарлады. Сонымен қатар АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео: "Трамп үкіметінің Солтүстік Кореяға қатысты мақсатына жетуі үшін қашықтық әлі алыс",- деп қуаттады. Америкалық басшылар  Ким Чен Ын арқылы Солтүстік Кореяның стратегиясын өзгертуді көздеуде.  Пхеньян ядролық және зымырандық мәселелер  туралы келіссөздер өткізіп, Сеул мен Вашингтоннан басты ұпай алғысы келеді. Пхеньян басында бүкіл АҚШ-ты зымырандық нысанаға алғаны туралы жариялаған соң АҚШ-қа келіссөздер өткізу туралы ұсыныс жасады. Сарапшылардың пікірінше, Ким Чен Ын ядролық және зымырандық құдыретке ие болып, келіссөздерде АҚШ Президенті Дональд Трампқа қарсы тұра алатын болады. Ким Чен Ынмен кездесуінен кейінгі Трамптың жарнамалық уәждеріне қарамастан Солтүстік Кореяның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының өткеніне  көңіл бөліп, өзінің зымырандық және ядролық мүмкіндіктерінен бас тартпайтыны анық.    

 

 

Тегтер