Иранның құлағы естімейтін балуандар командасы әлемдік сайыста жеңімпаз атанды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i37830-Иранның_құлағы_естімейтін_балуандар_командасы_әлемдік_сайыста_жеңімпаз_атанды
Иранның құлағы естімейтін балуандар командасы 5 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға ие болып, Ресейде өткен еркін күрес әлемдік сайысының жеңімпазы атанды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 17, 2018 18:16 Asia/Almaty
  • Иранның құлағы естімейтін балуандар командасы әлемдік сайыста жеңімпаз атанды

Иранның құлағы естімейтін балуандар командасы 5 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға ие болып, Ресейде өткен еркін күрес әлемдік сайысының жеңімпазы атанды.

Ресейдің Владимир қаласында құлағы естімейтін балуандар арасында өткен әлемдік сайыстың сонында Түркия командасы  екінші, Ресей үшінші  орында орналасты. Бұл сайыста Иран палуандары 57, 70, 74, 86 және 92  килограмм салмақтармен алтын медаль, 61 килограмм салмағында күміс, 79 бен 97 килограмм салмақтары бойынша қола медальға ие болды.

Құлақтары естімейтін балуандар арасындағы еркін күрес сайыстары маусымның 12-20 күндері Владимир қаласында өтуде.