Трамптың көші-қон саясаты жұбайының сынына ұшырады
АҚШ президентінің жұбайы 2 миллионнан астам баланың ата-анасынан айрылуына соқтырған көші-қон саясатын сынады.
АҚШ президенті Дональд Трамптың жұбайы Мелания Трамптың ақпарат өкілі Стефани Гришам CNN арнасына берген сұхбатта: "Мелания Трамп балалардың өз отбасыларынан айрылуын көргеннен жиіркеніп, демократтар мен республикашылдар партияларының көші-қон жөніндегі саясаттарға өзгеріс енгізу үшін бірігетіндігіне үміт білдірді",- деді.
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік жөніндегі министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, бұл елдің шекара қызметкерлері өткен алты аптаның ішінде 2000-ға жуық баланы мигрант ата-анасынан айырып, оларды жеке лагерьлерде ұстап, ата-аналарына қысым көрсетуде.
Бұл әрекет адам құқықтары жөніндегі ұйымдардың сынына ұшырады.