Ирандық режиссер Ресейдегі "Зеркало" кинофестивалінде жүлдеге ие болды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i37850-Ирандық_режиссер_Ресейдегі_Зеркало_кинофестивалінде_жүлдеге_ие_болды
Ирандық "Мезгілсіз, қолтаңбасыз" фильмінің режиссері Ваһид Джалилванд Ресейдің "Зеркало" атты 12-ші халықаралық кинофестивалінің ең үздік режиссері атанды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 18, 2018 17:22 Asia/Almaty
  • Ирандық режиссер Ресейдегі

Ирандық "Мезгілсіз, қолтаңбасыз" фильмінің режиссері Ваһид Джалилванд Ресейдің "Зеркало" атты 12-ші халықаралық кинофестивалінің ең үздік режиссері атанды.

ИРНА-ның дүйсенбі күнгі хабарлауынша, Ресейдің "Зеркало" халықаралық кинофестивалінің 12-ші кезеңінің негізгі бөлімінде ирандық "Мезгілсіз, қолтаңбасыз" фильмімен қатар Ресей, Сербия, Германия, Грузия мен Қытай өнерпаздарының сегіз кинотуындысы бәсекеге түсті.

"Мезгілсіз, қолтаңбасыз" фильмі – жұмысында бұрын танитын адамның мүрдесімен кезіккен сот-медициналық сарапшы жайлы фильм.

Ресейдегі халықаралық "Зеркало" кинофестивалі маусымның 12-17 аралығында өтті.