Сауд Арабиясы мен Ресейдің мұнай көлемін арттыру жөніндегі жоспарына вето жарияланады
Иранның Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) атқарушы тобындағы өкілі: "ОПЕК-тің алдағы отырысында Иран Венесуэлла және Иракпен бірігіп, Сауд Арабиясы мен Ресейдің қолдауына ие болған мұнай көлемін арттыру туралы ұсынысқа вето жариялайды",- деп мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ОПЕК-тің атқарушы тобындағы Иранның өкілі Хусейн Каземпур Ардебели ОПЕК-тің негізін қалаушы үш мүшесінің бұл жоспарды тоқтатындығына сілтеме жасап: "Сауд Арабиясы мен Ресейдің мұнай көлемін арттыру жөніндегі жоспары ОПЕК мүшелерінің бір шешімге келуін қажет етеді. Егер олар жалғыз өздері әрекет еткісі келсе, бұл ынтымақтастық келісімін бұзу саналады. Нарықтағы мұнай ұсынысын арттыру қолайлы іс саналады. ОПЕК ағымдағы жылдың соңына дейін мұнай көлемін арттыруға қатысты өз шешіміне берік болуы керек",- деді.
Сауд Арабиясының Энергетика министрі Халед әл-Фалиһ жуырда мұнай ұсынысына байланысты алаңдаушылықты жою мақсатында Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының шығаратын мұнай көлемін біртіндеп арттыру туралы жоспарды көздеп отырғанын мәлімдеген болатын.
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының алдағы отырысы маусымның 22-23 күндері өтеді.