Ирандық төреші Халықаралық футбол федерациясы рейтингінің басынан орын алды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i37856-Ирандық_төреші_Халықаралық_футбол_федерациясы_рейтингінің_басынан_орын_алды
Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) төрешілер арасындағы рейтинг бойынша жүргізген сауалнамасына сәйкес, ирандық төреші Әлиреза Фағани 2018 жылғы футбол бойынша әлем чемпионатының ең үздік төрешісі атанды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 18, 2018 17:39 Asia/Almaty
  • Ирандық төреші Халықаралық футбол федерациясы рейтингінің басынан орын алды

Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) төрешілер арасындағы рейтинг бойынша жүргізген сауалнамасына сәйкес, ирандық төреші Әлиреза Фағани 2018 жылғы футбол бойынша әлем чемпионатының ең үздік төрешісі атанды.

Халықаралық дәрежедегі ирандық төреші Әлиреза Фағани Германия мен Мексика футбол командаларының кездесуіне жақсы төрелік жасауына байланысты 2018 жылғы футбол бойынша әлем чемпионатындағы төрешілер рейтингінің басына орналасты.

Фағани 4,84 ұпайға ие болып, рейтингте Бьорн Кейперс пен Нестор Питанадан жоғары орынға ие болды.

Әлиреза Фағани, Реза Сохандан мен Мохаммад Реза Мансуриден құралған Иранның төрешілер тобы Ресейде өтіп жатқан футбол бойынша әлем чемпионатына қатысуда.