Ирандық студент Малайзияның Путра университетінде алтын жүлдеге ие болды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i37876-Ирандық_студент_Малайзияның_Путра_университетінде_алтын_жүлдеге_ие_болды
Ирандық студент Араш Азаркердар Малайзияның Путра университетінде зерттеу жобасын ұсыну арқылы 2018 жылғы инженерлік зерттеулер саласында алтын жүлдеге ие болды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 20, 2018 03:23 Asia/Almaty
  • Ирандық студент Малайзияның Путра университетінде алтын жүлдеге ие болды

Ирандық студент Араш Азаркердар Малайзияның Путра университетінде зерттеу жобасын ұсыну арқылы 2018 жылғы инженерлік зерттеулер саласында алтын жүлдеге ие болды.

Малайзияның Путра университетінің инженерия факультетінің жаңашылдық жəне бастамалар бөлімінің басшысы əрі ирандық студент Араш Азаркердардың осы зерттеу жұмысының  жетекшісі Фарзад Хиджази: "Жоба беріктігі жоғары талшықты бетонның жаңа түрі жайлы болды. Бұл бетон биік ғимараттар, коммуникациялық мұнаралар мен көпірлер салуда пайдаланылады. Бетонның бұл түрі жер сілкінісі мен атмосфералық жағдайларға төзімділік, беріктік пен тиімділіктің артуына септігін тигізеді",-деді.

Малайзияның Путра университеті ғылыми зерттеулермен айналысатын университеттердің бірі ретінде 1931 жылы құрылған. Қазір дамыған заманауи мүмкіндіктерді пайдалану арқылы зерттеушілер үшін қолайлы жағдай жасап отыр. Бұл оқу орны осы елдің ең үлкен университеттерінің бірі саналады.