Трамп мигрант балаларды ата-аналарынан бөлу саясатын тоқтатты
АҚШ Президенті Дональд Трамп балаларды ата-аналарынан бөлу саясатынан кері шегініп, оны тоқтатуға бұйрық берді.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп сәрсенбі күні мигрант балаларды ата-аналарынан бөлуді тоқтату туралы бұйрыққа қол қойғанымен, барлық заңсыз мигранттарға сот арқылы қатынас көрсетуге негізделген саясатының жалғасып жатқанын қуаттады.
АҚШ Президенті сот үдерісі кезінде мигрант балаларды ата-аналарынан бөлуді тоқтату туралы бұйрыққа қол қойды.
АҚШ-тың қазіргі үкіметі бұл елге заңсыз мигранттардың кіруінің алдын алу саясатын орындауды бастағаннан бері осы елдің шекаралық қауіпсіздік күштері 5 мамырдан 9 маусымға дейінгі аралықта 2342 баланы мигрант ата-анасынан бөліп, қамауға алған.
АҚШ-тың Өкілдер палатасының төрағасы Пол Райан бейсенбі күні Өкілдер палатасының мигрант ата-аналар мен балалардың бір-бірінен айырылмауына рұқсат беретін заң жобасын дауысқа салатынын мәлімдеді.