Ирандық каратэшілер Бакуде өткен халықаралық сайыстарда 11 медаль алды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i38004-Ирандық_каратэшілер_Бакуде_өткен_халықаралық_сайыстарда_11_медаль_алды
Иранның каратэ командасы Бакуде өткен халықаралық сайыстарда 3 алтын, 3 күміс және 5 қола медальге ие болды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 25, 2018 05:13 Asia/Almaty
  • Ирандық каратэшілер Бакуде өткен халықаралық сайыстарда 11 медаль алды

Иранның каратэ командасы Бакуде өткен халықаралық сайыстарда 3 алтын, 3 күміс және 5 қола медальге ие болды.

Әзірбайжанның астанасы Баку қаласындағы Каспий мен Қара теңіз жағалауындағы мемлекеттер арасындағы ката мен камите бөлімдеріндегі  каратэ сайыстарына 60 спортшы қатысты.

Иранның карате командасы үлкендер арасында 68 килограммнан жоғары және 53 килограмм салмақта, сондай-ақ, жасөсіпірімдер арасында камите бөлімінде 55 килограмм салмақта алтын медаль алды. Сонымен қатар ирандық спортшылар камите бөлімінде 3 күміс және 5 қола медальға ие болды.