Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан Қауіпсіздік кеңесінің басшылары кездесті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i38108-Ташкентте_Қазақстан_мен_Өзбекстан_Қауіпсіздік_кеңесінің_басшылары_кездесті
Қазақстан мен Өзбекстанның Қауіпсіздік кеңесінің төрағалары Ташкентте кездесіп, Орталық Азиядағы қауіпсіздік жағдайын талқылады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 01, 2018 09:21 Asia/Almaty
  • Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан Қауіпсіздік кеңесінің басшылары кездесті

Қазақстан мен Өзбекстанның Қауіпсіздік кеңесінің төрағалары Ташкентте кездесіп, Орталық Азиядағы қауіпсіздік жағдайын талқылады.

Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан президентінің аппаратына қарасты Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Виктор Махмудов пен Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің басшысы әрі президенттің кеңесшісі Нұрлан Ермекбаев Өзбекстанның астанасы Ташкентте Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселелері жайлы сұхбаттасты.

ДАИШ лаңкестік тобының Ауғанстандағы соңғы өзгерістеріне байланысты аймақ қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы келіссөздердің негізгі тақырыбы болды. Сонымен қатар, екі ел арасындағы әскери сала және жабдықтау бойынша ынтымақтастықтарды дамытуды жалғастыру, заңсыз мигранттармен күрес, рейстердің кедендік бақылауы мен қауіпсіздігін арттыру қос тараптың кездесуінде көтерілген мәселелердің қатарын құрады.