Иран мен Қазақстан мәдени ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i38109-Иран_мен_Қазақстан_мәдени_ынтымақтастық_жөніндегі_меморандумға_қол_қойды
Иранның Разави облысының Кітапханалар, мұражайлар мен құжаттар орталығы мен Қазақстанның Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 01, 2018 09:31 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан мәдени ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

Иранның Разави облысының Кітапханалар, мұражайлар мен құжаттар орталығы мен Қазақстанның Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, меморандумға сенбі күні Иранның Разави облысының Кітапханалар, мұражайлар мен құжаттар орталығының басшысы Моджтаба Базрафшан Моқаддам мен Қазақстанның Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Асылхан Садуов екіжақты өзара әрекеттестіктің мүмкіндіктерін анықтау мақсатында қол қойды.

Моджтаба Базрафшан Моқаддам меморандумға қол қою рәсімінде аймақ елдерінің, әсіресе Орта Азия елдерінің мәдени ортақтастықтарына сілтеме жасап, Иранның Разави облысының Кітапханалар, мұражайлар мен құжаттар орталығының шет тілдеріндегі кітаптар залында Қазақстан бұрышы ашылатынын айтты.

Асылхан Садуов келісімнің арқасында екі халықтың мәдени байланыстарында көбірек әріптестіктің жасалуына үміт білдірді.