АҚШ Президенті НАТО-ға қарсы ұстаным білдірді
АҚШ Президенті НАТО басшыларының Брюссельдегі саммиті қарсаңында АҚШ-тың Еуропаның қорғаныс қаржысын төлей алмайтынын жариялады.
The Associated Press агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбі күні: "АҚШ – ішкі өнімінің 4 пайызын НАТО-ның шығындары үшін жұмсайтын жалғыз мемлекет. Әр мемлекет өз үлесін тең төлеуі керек. Ақ үй бұдан артық НАТО мен оған мүше елдердің, соның ішінде Германияның қорғаныс саласындағы қаржысын төлей алмайды",- деді. Трамптың айтуынша, кейбір уақыттарда АҚШ-тың одақтастары дұшпандарынан да жаман қатынас көрсетеді.
The New York Times газеті Трамптың 2018-ші жылдың маусым айында НАТО-ға мүше 10 елдің басшыларына жолдаған жеке хаттарыңда ұлттық өнімдерінің кемінде екі пайызын әскери қажеттіліктеріне төлеу туралы міндеттемелеріне немқұрайдылық танытуына ескерту жасағаны туралы мәліметті әшкере етті.