Трамптың «твиттері" аяқталмайды
(last modified Fri, 06 Jul 2018 15:21:31 GMT )
Шіл 06, 2018 21:21 Asia/Almaty
  • Трамптың «твиттері

ОПЕК-тегі Иранның өкілі АҚШ Президентінің жаңа «твиттеріне» реакция білдіріп, Трамптың соңы жоқ арсыз «твиттерлерімен» шикі мұнайдың әлемдік бағасының 10 долларға артқанын айтты.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ОПЕК-тегі Иранның өкілі Хосейн Каземпур Ардабили АҚШ Президентінің жаңа «твиттеріне» реакция білдіріп, Дональд Трампқа: "Сіздің аяқталмайтын арсыз «твиттерлеріңізбен шикі мұнайдың әлемдік бағасы 10 долларға артты. Бұл ісіңізді тоқтатпасаңыз, шикі мұнайдың бағасы одан сайын көтеріледі. АҚШ ОПЕК-тің іргетасын қалаушы елдерге қарсы санкция қолдана тұра олардан мұнай бағасын төмендетуді талап етеді",- деді.

Дональд Трамп Твиттердегі жаңа жазбасында ОПЕК-ті мұнай бағасының көтерілуіне жауапты деп атап, ұйымнан мұнай бағасын төмендетуді талап етті.