Беларусьте ирандық студенттердің оқу бітіру рәсімі өтті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i38193-Беларусьте_ирандық_студенттердің_оқу_бітіру_рәсімі_өтті
Беларусь Медициналық университетінің дәрігерлік және стоматология факультеттерін аяқтаған 50-ге жуық ирандық студент ант беріп, оқу бітіру рәсіміне қатысты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 08, 2018 18:33 Asia/Almaty
  • Беларусьте ирандық студенттердің оқу бітіру рәсімі өтті

Беларусь Медициналық университетінің дәрігерлік және стоматология факультеттерін аяқтаған 50-ге жуық ирандық студент ант беріп, оқу бітіру рәсіміне қатысты.

Иранның Ғылым және зерттеу министрлігі мен Беларусьтегі Иран елшілігінің өкілдері, сондай-ақ Беларусь Медициналық университетінің ректоры мен проректорлары қатысқан шарада ирандық студенттер марапатталды.

Иранның Ғылым және зерттеу министрлігінің аймақтық өкілі бұл жоғары оқу орында білім алған ирандық студенттерді құттықтап: "Ирандық студенттер дәрігерлік және стоматология факультеттерін табыспен аяқтады. Бұл олардың талпыныстары мен жігерін, сонымен қатар екі елдің ғылыми-мәдени жақсы қарым-қатынасын көрсетеді",- деді.