БАӘ-нің Йемендегі жасырын түрмелердегі әрекеттері – соғыс қылмысы
(last modified Fri, 13 Jul 2018 04:36:30 GMT )
Шіл 13, 2018 10:36 Asia/Almaty
  • БАӘ-нің Йемендегі жасырын түрмелердегі әрекеттері – соғыс қылмысы

Халықаралық Амнистия ұйымы БАӘ-не қарасты жалдамалылардың Йемендегі жасырын түрмелердегі әрекеттерін соғыс қылмысы деп атады.

Халықаралық Амнистия ұйымы өзінің жаңа есебінде БАӘ-нің Йеменнің жасырын түрмелеріндегі адам құқықтарын бұзу әрекеттеріне тоқталып, оны соғыс қылмыстары деп атап, осы салада тез арада зерттеу жұмыстарын бастау керектігін қуаттады.

Халықаралық Амнистия ұйымы есебінде Йемендегі БАӘ-нің қолдауына ие күштерді осы елдегі түрмелерде азаптау саясаттарын іске асырып жатыр деп мәлімдеді. БАӘ – Йемен халқына қарсы соғыста әл-Сауд режимі басқаратын әскери коалицияға мүше ел.

Сауд Арабиясы мен одақтастарының Йеменге әскери шабуылы соңғы үш жылда мыңдаған адамның қаза тауып, жаралануына себеп болды.

 

 

 

 

 

Тегтер