Бакуде Иранның фармацевтикалық зауыты салынады
(last modified Fri, 13 Jul 2018 18:06:26 GMT )
Шіл 14, 2018 00:06 Asia/Almaty
  • Бакуде Иранның фармацевтикалық зауыты салынады

Иран мен Әзірбайжанның Денсаулық сақтау министрлері екі ел Президенттерінің келісімдерін іске асыру саласында Бакуде Иранның фармацевтикалық зауытының салынатынын қуаттады.

 

ИИР Президенті Хасан Руханидің наурыз айының соңындағы Баку сапарында Иран мен Әзірбайжан арасында ортақ ынтымақтастыққа қатысты сегіз құжатқа қол қойылған болатын. Бұл құжаттардың бірі денсаулық, дәрмен және медициналық білім саласындағы ынтымақтастықтарға қатысты болды.

Иранның Денсаулық сақтау министрі Сейед Хасан Хашеми Әзірбайжанның Денсаулық сақтау министрі Огтау Ширалиевпен Бакудегі кездесуінде Иранға қажет дәрі-дәрмектің 96  пайызының елде шығарылатындығына тоқталып: "ИИР білім, зерттеу, гигиена, аурудың алдын алу және емдеу салаларындағы тәжірибелеміен бөлісуге дайын",-  деді.

 

 

Тегтер