Иран ғылым өндірісі бойынша әлемнің 15 үздік елінің қатарында
Ислам әлемінің ғылыми деректер орталығының (ISC) басшысы ИИР-ның ISI орталығында 25 500-ден астам дерек тіркеу арқылы ғылым өндірісі бойынша алғаш рет әлемнің ең үздік 15 елінің қатарына енгенін айтты.
ИРНА-ның сейсенбі күнгі мәліметі бойынша, Ислам әлемінің ғылыми деректер орталығының (ISC) басшысы Мұхаммад Джавад Деһқани: "Web of science базасындағы 2018 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы Иранның ғылым өндірісі туралы ең соңғы мәліметтер бойынша ирандық зерттеушілер мен ғалымдар ағымдағы жылдың алғашқы алты айында айрықша белсенділік көрсеткен.
Ең сенімді деректер орталығының ең соңғы мәліметтеріне сәйкес, ИИР мұсылман елдерінің жалпы ғылыми өндірісінің 22 пайыздан астамына ие болып, ислам әлемі бойынша көш бастап келеді",- деді.
ИИР Түркия және Сауд Арабиясымен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылықпен 2018 жылдың алғашқы жарты жылдығында ғылым өндірісі бойынша 57 мұсылман елінің ішінде бірінші орында орналасқан.