Иран – Азиядағы тау велосипеді бойынша ең үздік команда
Әлемдік велосипедшілер одағының мәліметтеріне сәйкес, Иранның тау велосипеді бойынша ұлттық командасы Азияда бірінші орында.
Әлемдік велосипедшілер одағы осы саланың үздіктерін жариялады. Онда Иранның тау велосипедінің ұлттық командасы Азия бойынша бірінші, әлем бойынша сегізінші орында тұр.
Әлемдік велосипедшілер одағы сонымен қатар осы саладағы әртүрлі бөлім бойынша үздіктерді де атады. Соның ішінде Иранның банулар арасындағы велосипед ұлттық командасының мүшесі Фаранг Партуазар тау велосипеді бөлімі бойынша Азияда бірінші орында орналасты.
Иранның ерлер арасындағы велосипедшілерінің ұлттық командасының мүшесі Фараз Шокри де жапондық велосипедшіден кейін тау велосипеді бойынша Азияда екінші орында орналасты.