Иранның экономикалық әлеуеттері мен аймақ тұрақтылығын сақтаудағы негізгі рөлін сараптау
Иран – үлкен, қуатты әрі аймақтағы саяси теңгерімдерге ықпал ететін, көптеген экономикалық әлеуеттерге ие ел. Сонымен қоса, Иранның саяси-экономкалық байланыстары аймақ пен әлем деңгейіндегі көптеген мемлекеттердің мүдделерімен тығыз байланысты.
Бұл шындықтар қайтадан санкция жариялап, Иранға экономикалық қысым жасауына байланысты АҚШ-ты айтарлықтай қиындыққа ұшыратты. Себебі, халықаралық қауымдастық АҚШ-тың үлкен көлемде баж талап етуінің саяси, қауіпсіздік және экономикалық сипаттағы қиындыққа айналып жатқанын біліп отыр.
Түркия басшылары жұма күні осы елде америкалық делегациямен кездесудің соңында мәлімдеме жариялап, Иранның аймақтық серіктес ретіндегі маңыздылығын баса айтты.
The Daily Sabah газетінің мәліметі бойынша, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшылығы мен Қаржы министрлігі басшыларынан құралған делегация Түркия басшыларымен кездесуінде оларды Иранға қарсы санкцияларды сақтауға көндіруге талпыныс жасаған.
Үндістанның мұнай министрі Дхармендра Прадхан да: "Үндістан үкіметі мұнайды импорттауға қатысты ұлттық мүдделері негізінде өзі шешім қабылдайды. Сондықтан, біз АҚШ-тың санкцияларынан қорықпаймыз. АҚШ-тың басқа елдерді санкцияларын қолдауға итермелеу мақсатындағы талпыныстарына қарамастан, бұл әрекеттер сәтсіз болды",- деді.
Ресей президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев бейсенбі күні Теһранда Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі хатшысының орынбасары Саид Ирванимен кездесуінде: "Ресей президенті жуырда АҚШ президентімен өткізген сұхбатта АҚШ-тың "Ортақ қадамға" қатысты әрекетінің сындарсыз әрі зиян болғанын баса айтты",- деді.
Иран СІМ Зариф Euronews арнасына берген сұхбатында келесі жайтқа сілтеме жасап: "Қазіргі таңда, әсіресе Трамп пен Путинның кездесуінен кейін АҚШ-та Трамптың АҚШ-тың ұлттық мүддесін көздемейтіні туралы алаңдаушылық байқалып жатыр",- деді.
2006-2015 ж.ж. аралығында билік еткен Буш пен Обама үкіметтері басқа үкіметтер мен шетелдік компанияларды Америка Құрама Штаттарының Иранға қарсы санкциялар таңу үдерісіне қосылуға көндіруге бағытталған күрделі әрі көпжақты дипломатиялық талпыныс жасауда.
Американың Қауіпсіздік істері жөніндегі орталығының сарапшысы Питер Харел жуырда Foreign Affairs басылымында жарияланған мақаласында осы әрекеттерді сараптап, былай деп жазды: "АҚШ Конгресі және АҚШ-тың бұрынғы екі президенті – Джордж Буш және Барак Обаманың Иран экономикасын әлсіретуге бағытталған бірлескен талпыныстары шамамен жиырма жылдан кейін ғана нәтиже берді. Халықаралық қарсылықтарға қарамастан, АҚШ-тың "Ортақ қадам" келісімінен шығып, санкциялардың қайта күшіне енуін халықаралық деңгейде әлсіз түрде қолдаумен Вашингтонның "Ортақ қадамнан" шығуынан кейін бұл экономикалық қысымдарды қайта жандандыру айтарлықтай қиынға түседі. Жалғыз нәтиже Иран үшін "ұтыс-ұтыс" жағдайы бола алады. Бұл жағдайда Иран әрі "Ортақ қадам" негізіндегі ядролық салада белсенділік танытуға қатысты шектеулерден арылады, әрі саудаласқаны үшін кем дегенде санкциялардың бір бөлігін күшіне енгізуді кейінге қалдыра алады".
Еуропа елдерінің үкіметтері мен АҚШ-тың кейбір одақтас елдерінің 2010-2016 ж.ж. Иранға қарсы санкцияларын қолдап келгеніне қарамастан, дәл осы одақтастар кеше Трампқа "Ортақ қадамнан" шыққаны мен АҚШ пен Еуропа арасындағы сауда саясатынан пайда болған текетірестер үшін қатты ашуланғандықтан Иранның мұнайын импорттау мен сауда-саттықты қайтадан тоқтатуға бағытталған қысымымен күресіп жатыр.