БҰҰ Газа секторындағы алаңдатарлық жағдай туралы ескерту жасады
Шіл 24, 2018 16:56 Asia/Almaty
БҰҰ-ның Адам құқығының жоғары комиссиясы дүйсенбі күні Газа секторының жағдайын апатты деп атады.
Anadolu ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, БҰҰ Гуманитарлық істерінің үйлестірушісі Джимми Мак Голдрик жексенбі күні мәлімдеме жариялап, бұл ұйымның Газаның маңызды инфрақұрылымдарының жұмысы үшін жеткізген жанар май қорының таусылып жатқанын, төрт аурухананың жанар майының алдағы үш күнде таусылып, Газа секторының тұрғындарына көрсетіліп отырған дәрігерлік қызметтердің шынайы қиындықтармен бетпе-бет келетінін хабарлады.