Ресей Панама құжаттары туралы тергеуді бастады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i3844-Ресей_Панама_құжаттары_туралы_тергеуді_бастады
Ресейдің бас прокуратурасы ресейліктердің ықтималды "салық жұмағы" жөнінде мәліметтерге қол жеткізу үшін тергеуді бастағанын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 06, 2016 16:06 Asia/Almaty
  • Ресей Панама құжаттары туралы тергеуді бастады

Ресейдің бас прокуратурасы ресейліктердің ықтималды "салық жұмағы" жөнінде мәліметтерге қол жеткізу үшін тергеуді бастағанын мәлімдеді.

Ресей бас прокуратурасының ақпарат хатшысы Александр Куренной «Interfax» ақпарат агенттігіне берген сұхбатта: «Бас прокуратура жеке және Ресей қайраткерлерінің «салық жұмағындағы» ақпарат құралдары жариялаған активтері тақырыбы бойынша тергеу жүргізеді.

Ресейдің бас прокуратурасы ақпарат құралдарында Ресей азаматтарының байлықтары жөнінде таратылған мәліметтердің осы елдің заңдары мен халықаралық заңдарға сай келу келмеуін білуді мақсат етіп отыр деді.

Зерттеуші журналистер консорциумы жуықта «салық жұмағы» туралы Mossack Fonseca құқықтық компаниясының 11,5 миллион құпия құжатын жариялады.

Зерттеуші журналистер консорциумының төрағасы Жерард Раиль құжаттардың Mossack Fonseca компаниясының өткен 40 жыл ішіндегі күнделікті қызметін қамтитынын мәлімдеді.

Осы құжаттарда Ресей қайраткерлері, соның ішінде Ресей президенті Владимир Путин жөнінде мәліметтер таратылған. Мәліметтерге сәйкес аталмыш кісілердің шетел банктерінде сақталынатын құпия байлықтары бар.

Ресей президентінің ақпарат өкілі Дмитрий Песков Путин және Ресей қайраткерлері туралы осы дау- дамайларды теріске шығарып, оны Ресейге қарсы ақпараттық соғыстың бір бөлігі деп атады.