Иран ғылым өндірісінің көрсеткіші бойынша әлемде бірінші орынға шықты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i38442-Иран_ғылым_өндірісінің_көрсеткіші_бойынша_әлемде_бірінші_орынға_шықты
Ислам әлемі ғылымдарының деректік базасының (ISC) басшысы WOS деп аталатын Clarivate Analytics деректер базасында жарияланған соңғы мәліметтерге тоқталып, Иранның өткен жылы әлемнің 25 үздік елінің ішінде ғылым өндірісі санының артуы бойынша ең жоғары көрсеткішке жеткенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 28, 2018 17:38 Asia/Almaty
  • Иран ғылым өндірісінің көрсеткіші бойынша әлемде бірінші орынға шықты

Ислам әлемі ғылымдарының деректік базасының (ISC) басшысы WOS деп аталатын Clarivate Analytics деректер базасында жарияланған соңғы мәліметтерге тоқталып, Иранның өткен жылы әлемнің 25 үздік елінің ішінде ғылым өндірісі санының артуы бойынша ең жоғары көрсеткішке жеткенін хабарлады.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Деһқани 2017 жылы Иранда ғылым өндірісі көрсеткішінің арту деңгейінің 2016 жылмен салыстырғанда 8,9 пайыз болғанын айтып: "Бұл деңгей басқа елдермен салыстырғанда әлем бойынша бірінші орын алды",-деді.

Осы мәліметке сәйкес, зерттеулер көрсеткендей әлемдегі ғылым өндіруші үздік елдердің орташа көрсеткіші өткен 6 жылда көп дегенде 13 пайыз болған. Мысалы, Ресей 13 пайыз, Үндістан 10,5 пайыз, ИИР 9,1 пайыз орташа көрсеткішпен тәртіп бойынша бірінші, екінші және үшінші орындарды алып отыр.