Иран мен ASEAN достық келісіміне қол қойды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i38507-Иран_мен_asean_достық_келісіміне_қол_қойды
ИИР-ның Достық келісімі (ТАС) мен Азияның Оңтүстік-Шығыс Одағы Серіктестігіне (ASEAN) қосылу құжатына осы одақ Сыртқы Істер Министрлерінің Сингапурде өткен 51 саммитында қол қойылды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 02, 2018 16:21 Asia/Almaty

ИИР-ның Достық келісімі (ТАС) мен Азияның Оңтүстік-Шығыс Одағы Серіктестігіне (ASEAN) қосылу құжатына осы одақ Сыртқы Істер Министрлерінің Сингапурде өткен 51 саммитында қол қойылды.

Аталмыш құжатқа қол қою Азияның оңтүстік-шығыс елдерінің аймақтық және халықаралық теңгерімдердегі маңызды және ықпалды ел Иранмен байланыс және серіктестіктің маңызынан хабардарлығын көрсетеді.  

Азияның оңтүстік-шығыс елдерінің достығы мен серіктестік келісіміне 1976 жылдың ақпан айында Индонезия, Малайзия, Таиланд, Филиппины мен Сингапур елдері тарапынан қол қойылды. Қазіргі уақытта оған 30 ел қосылды. ASEAN-ға мүше елдердің СІМ-лері аталмыш одақ пен ТАС келісімімен байланысты аймақ пен аймақтан тыс тақырыптар туралы сұхбаттасу үшін дүйсенбіден бастап Сингапурде жиналды.

ASEAN одағына Малаизия мен Индонезия, Таиланд пен Вьетнам, Камбоджа мен Филиппины, Сингапур мен Мьянма және Лаос пен Бруней елдері мүше.